Вторник, 16 января 2024 17:02
Рахат Тұрлыханов 10 күнге қамалды
Алматы қалалық соты Рахат Тұрлыхановқа қатысты ұрып-соғу дерегі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істі қарады. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Аталған материалды қарау барысында сот алқасы оның бұрын әйелін бірнеше рет ұрып-соққанын ескеріп, бірінші сатыдағы соттың тағайындаған жазасымен келіспеді. Осылайша қаулы өзгеріп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабының 1-1-бөлігіне сәйкес, Тұрлыхановқа қатысты жаза ескертуден 10 тәулікке қамауға өзгерді", — делінген сот хабарламасында.
Қаулы заңды күшіне енді.
Опубликовано в
Экономика и жизнь