Среда, 25 октября 2023 18:04
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Қазақстан Президенті Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты. Шара «Ақорда» резиденциясының алдында өтті. |
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Содан кейін Президенттің бұйрығымен Мемлекеттік ту көтеріліп, еліміздің Әнұраны орындалды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Ұлттық мереке – Республика күнін ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды. Еліміздің барлық өңірінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтеді.


Опубликовано в
Экономика и жизнь